Bugin

“Ақшаны енем мен күйеуім алады”: Келіншек басынан өткен қиын тағдырын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скриншот

Нұргүл Қуатбекова басынан өткен қиын тағдыры туралы айтты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qazaq Airan YouTube арнасына сілтеме жасап.

Нұргүл Қуатбекованы 17 жасында ауылдасы алып қашқан. Күйеуімен 17 жыл бірге тұрды. 

“5 балам бар. Бір жылдай жақсы болып жүрді. Кейін арақ ішіп, басқа әйелдермен сөйлесіп бастады. Мені ұруды шығарды. Бірінші ұрғанда төркініме кетіп қалдым. Жалынып алып келді. Мектепке жұмысқа тұрдым. Ол да сол жерде жұмыс істеді. Бар ақшаны енем мен күйеуім алатын. Ойын ойнады”, - дейді келіншек. 

Нұргүл Қуатбекова күйеуі “басқа әйелім бар, балаларды алып кет” деген сөзінен кейін шыдай алмай кетіп қалғанын айтты.