Bugin

Қарыз болған: Бір отбасының барлық мүшесі үйінен өлі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Өзбекстанда бір отбасының барлық мүшесі үйінен өлі табылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы zamon.uz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға Өзбекстанның Ташкент қаласында болған. 26 шілде күні таңғы 6:19-да өрт туралы хабар тараған. Өрт сөндірушілер үй ішінен 1991 жылы туған ер адамның, 1999 жылы туған әйел кісінің және 3 баланың мәйтін тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті 1995 жылғы ер адам. Ол қаза болған үй иесінің інісі болып шықты. Оның айтуынша, араларында ақшаға қатысты кикілжің болған. Ағасы 30 жастағы інісінің қарызын қайтармаған. Інісі сол себепті осындай жауыздыққа барған.