Bugin

Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қазгидромет синоптиктері 30 шілде - 1 тамыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

"Батыс антициклонның әсеріне қарамастан, солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді. Еліміздің солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың тауларында қатты жаңбыр және бұршақ жауады, дауыл тұрады. Ал Сарыарқа даласында және еліміздің оңтүстігіндегі шөлді аудандарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", - деп хабарлады синоптиктер. 

Батыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыста күндізгі уақытта аптап ыстық болады.

"1 тамызда елдің оңтүстік-шығысында жекелеген аудандарда +41°дейін өте қатты аптап болады", - делінген хабарламада.