Bugin
Фото: LUIS ROBAYO/AFP via Getty Images
Қарағанды тумасы, дзюдодан Әзербайжан құрамасының мүшесі Хидаят Гейдаров Париж Олимпиадасының чемпионы атанды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Хидаят Гейдаров 1997 жылы 27 шілдеде Қарағандыда дүниеге келген. Хидаят Гейдаров Париж татамиінде 73 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол финалға дейін жетіп, соңғы белдесуде Франция спортшысы Джоан-Бенжамин Габаны "иппон" әдісімен жеңді. Осылайша, Гейдаров алтын жүлде еншілеп, Әзербайжанға Париж Олимпиадасының алғашқы медалін сыйлады.