Bugin
Фото: freepik.com
Биыл елімізде 12 мың шақырым жол жөнделеді, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Оның ішінде жаңадан салынып жатқан жол да бар. 7 мың шақырымы биыл пайдалануға беріледі. Көлік министрлігі мұны рекордтық көрсеткіш деп отыр.
Жалпы елімізде автожолдардың ұзындығы 95 мың шақырым. Оның 25 мың шақырымы республикалық, қалғаны жергілікті жолдар. Ал жөнделіп жатқан жолдардың 8 мың шақырымы – республикалық, 4 мыңы – жергілікті желіге тиесілі.