Bugin
Фото: бейнеден скрин
Әлеуметтік желіде қоғам қайраткері Арман Шораевтың ессіз әрекеті тараған. Ол әйелін аяусыз соққыға жыққан еді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ер адамның үстінен құзырлы органға арыз түскен. Алайда ерлі-зайыптылар қайта татуласыпты. Полиция департаменті аталған жағдай бойынша қылмыстық іс тоқтатылғанын хабарлады.
"Қылмыстық кодекстің "татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату" бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам жәбірленушімен татуласқан болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Тараптар өз құқықтарын пайдалана отырып, сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы арыз жазды", – делінген полиция хабарламасында.