Bugin

Жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

 

"Павлодар-Семей" тас жолында ер адам  мас күйінде жол талғамайтын көлік тізгіндеп, жол апатына себепкер болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Салдарынан 71 жастағы ер адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шеккені анықталып отыр.
 

Ал марқұмның әйелі жол талғамайтын көлікті астаналық жоғары лауазымды полицей тізгіндегенін айтып әділдік сұрайды.

Оның айтуынша, күйеуі 57 жастағы досы және 12 жастағы ұлымен бірге Волга маркалы көлікпен үйіне қайтып келе жатқан.

"Менің күйеуім 27 шілде күні Кенжекөл мен Байдалы ауылдарының арасында болған түнгі жол-көлік оқиғасында қайтыс болды. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші мас күйінде күйеуімнің "Волгасын" басып озуға бел буып, оны қарсы жолаққа итеріп жіберген. Сол жерде КамАЗ және басқа көлік арт жағынан соқтығысып, нәтижесінде ол шұңқырға аударылған. Күйеуім оқиғді", – деді Зорина.