Bugin
Фото: yandex.kz
Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 31 шілдедегі ауа райын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтап қалады: найзағаймен жаңбыр жауады, батыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.
Тек елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде. Республика бойынша желдің күшеюі болып, ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.