Bugin

Елдос Сметов жанкүйеріне ерекше сыйлық сыйлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Olympik.kz

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жарыс кезінде ерекше эмоциямен жанкүйер болған азаматқа теледидар сыйлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Дзюдошының финалдағы өнерін үйінен тамашалаған жанкүйері спортшының жеңісін ерекше эмоциямен қабылдап, қуанышын жасыра алмаған сәті видеоға түсіп қалған. Видео әлеуметтік желіде таралды.

Өз кезегінде Олимпиада чемпионы жанкүйеріне өз атынан теледидар тарту етті.