Bugin

Түркияда қаңғыбас иттерге қатысты заң қабылданды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Түркияда қаңғыбас иттерге қатысты заң қабылданды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Енді алдағы 4 жыл ішінде көшеде қараусыз жүрген барлық ит пен мысық арнайы орталықтарға жиналады. Мамандар оларды емдеп, кастрациялап, тіркеуге алады. Одан кейін оларды асырап алғысы келген адамдарға береді. 

 

Ал жұқпалы ауруы бар немесе қолға үйренбейтін қабаған иттер өлтіріледі. 2025 жылға дейін Түркия аумағындағы барлық иттер мен мысықтарға электронды чип егілуі керек. Жаңа заңға сәйкес бұл баптарды орындамаған шенеуніктер 6 айдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айрылмақ.