Bugin
Фото: freepik.com
Үндістанда лай көшкіні құрбандарының саны 166-ға жетті, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Біраз тұрғын жоғалып кеткен. Дегенмен мыңнан астамы құтқарылды. Мұнда кеше таудан көшкен лай мен тасқын су шай плантациялары мен шағын қоныстарды басып қалған.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, көшкінге бірнеше күн бойы толастамаған жаңбыр себеп. Нөсер жауын бүгін де жалғасуы мүмкін. Сондықтан іздеу-құтқару операциялары тағы да тежеледі деген болжам бар.