Bugin

Елдос Сметов маңызды мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: КазТАГ

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2024 жылғы Париж ойындары карьерасындағы соңғы Олимпиада екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Егер жауапкершілікті ойлай берсең, ештеңе өзгермейді, адам қажып кететді, сондықтан мен тек жарысты ойладым. 

Бұл менің соңғы Олимпиадам екенін білдім. Менің карьерам аяқталуға жақын екенін де ойладым. Сондықтан барымды салдым. 

Ата-анама, отбасым мен балаларыма уәде берген едім, жеңіспен ораламын деп. Олардың сенімі мен қолдауы мені ынталандырды. Бес балам бар, менің қымбат бөлшегім, ата-анам, аға-іні мен әпке-қарындастарым. Бұл жеңісті мен бүкіл қазақ елі мен жақындарыма арнаймын", - дейді Сметов.