МӘДЕНИЕТ
Фото: 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу Дирекциясының баспасөз қызметі
72 жастағы марафоншы Сәрсенбай Қотырашов екі жылда 72 мың шақырымнан астам жол жүріп өткен. Марафоншы енді Қазақстаннан Қытайға жаяу саяхатқа аттанады. Бұл туралы bugin.kz ақпараттық порталы хабарлайды.
2023 жылы ол бірнеше елді аралады. Атыраудан Астраханға, одан әрі Дағыстанға, Шешенстанға, Ингушетияға, Осетияға, Грузияға және Түркияға дейін жаяу жетті.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы басшысының кеңесшісі Мәди Манатбек Сәрсенбай Оспанұлының миссиясын сәтті орындап, тілегін білдірді:
"Сәрсенбай Оспанұлын саяхатшы деп танысақ, бүгін ол кісінің көшпелі жұрттың өмір-салтын терең зерттеген тарихшы-ғалым екеніне көзіміз жетті. Көшпенділер отаны - қазақ елі екенін сапар жасаған жерінің барлығында айтып, тарихи тізбегін жалғастырып келе жатқанына тәнті болдық. Енді міне Ресей, Моңғолия, Қытай елдеріне жасайтын сапарында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынындарын барынша насихаттаймын деп отыр. Сәрсенбай ақсақалдың сапары сәтті болсын дейміз", - деді ол.
Бұл жолы ақсақал Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнап, сапарға шығады. 2 тамызда Өскеменнен бастап Моңғолияға, одан әрі Қытайға бет алады.