Bugin
Фото: bugin.kz
Желіде балағат сөз айтқан видеосы тараған Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин қызметінен уақытша шеттетілді. Бұл туралы bugin.kz ақпараттық порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ақпаратты ҚР ІІМ растады.
"Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының жария болған видеосына сәйкес Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Өңірге кадр саясаты департаментінің бастығы мен ІІМ Өзіндік қауіпсіздік қызметінің өкілдері жіберілді", - деді ведомстводан.
Сондай-ақ, ІІМ қызметтік тергеу барысы кезеңінде Баймурзин қызметінен шеттетілгенін айтты. Айта кетсек, желіде өз қарамағындағылармен сөйлесіп отырғанда үстелді тоқпақтап, балағат сөздер айтқан погондағы ер адамның видеосы тарады. Ол Жамбыл облысы ПД басшысы делінеді.
ВИДЕОНЫ ОСЫ СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ КӨРЕ АЛАСЫЗ.