Bugin

Назым Қызайбай Олимпиаданың ширек финалына шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: olympic.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер командасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы екінші кездесуінде жеңіске жетті. Бұл туралы bugin.kz ақпараттық порталы хабарлайды. 

50 келі салмақта жұдырықтасатын Назым Қызайбай екінші жекпе-жегінде бразилиялық Каролайн Барбоза де Алмейдаданы айқын басымдықпен жеңіп шықты.