Bugin

Париж-2024: Владислав Яковлев мәреге бірінші болып жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстандық спортшы Владислав Яковлев Париж Олимпиадасында академиялық ескек есуден E финалында өнер көрсетті. Бұл туралы bugin.kz хабарлайды. 

Е және F тобында ширек және жартылай финалға шыға алмаған спортшылар қатысады. Олардың ішінде орын үлестіріледі. 

Владислав Е тобының финалында мәреге бірінші жетті. Уақыт көрсеткіші - 6:59.43 секунд. Осылайша, Владислав Париждегі ойындарды жалпы есепте 25-орынмен аяқтады.