МӘДЕНИЕТ
Фото: Мәдина Ералиев, bugin.kz
Бүгін, 2 тамыз — ән әлемінің күміс көмей әншісі Мәдина Ералиеваның туған күні. Қазақтың Аяқбаяны тірі болғанда 70 жасқа толар еді. Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды.
Мәдина Есмалайқызы Ералиева 1954 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген.
Әнші 1974 жылы Қызылорда педагогика училищесінің музыка бөлімін, 1978 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының музыка факультетін бітірген. 1978 — 84 жылы Әдебиет және өнер институтында қызмет істеді.
Өнер әлемінде үлкен белестерді бағындырған әнші 1990 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағын алды.
Мәдина 2000 жылы 46-дан асқан шағында жол апатынан қаза тапты.