Bugin
Фото: bugin.kz
Күні кеше Қазақстан намысын ширек финалда қорғаған Айбек Оралбай әзірбайжандық боксшыдан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды. Бұл жағдайға Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев пікір білдірді,-деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Артаевтың пікірінше, Париждегі боксшыларымыз сәтсіздікке ұшыраған.
"Алланың бұйыртқаны болады. Бәрі адамның еңбегіне байланысты. Алдын-ала тон пішіп, жігіттерді сөге алмаймын. Олардың еңбегі бар. 4 жыл аянбай тер төкті. Сондықтан да қазір хейт іздемей, тәуіптік жасамайық. Боксшыларымыз, өкінішке қарай, сәтсіздікке ұшырап, қысымшылық көріп отырғанда оларға тіреу болудың орнына аяғынан шалмау керек. Былғары қолғап шеберлері әлем чемпионатында топ жарғанда бәріміз марқайып қуандық. Ал ұтылып қалған кезде, жерден алып, жерге салғанымыз ұят болар. Ол тектілікке жатпайды. Бұл - әлсіздердің әрекеті. Қазір керісінше есе жіберген жігіттерімізге де қолдау жасап, жұбатып, жігерлендіріп, болашақта жақсы өнер көрсетуіне тілектес болуымыз қажет. Алла нәсіп етсе қалған жігіттерімізге алтын бұйырсын", - деді Бақтияр Артаев.