Bugin
Фото: istockphoto
"Қазгидромет" РМК 6-8 тамызда елде ауа райы қандай болатыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстанның солтүстігінде қатты жаңбыр жауса, оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.
"Алдағы үш күнде ел аумағының көп бөлігіне циклон әсер етеді, жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады, 6-8 тамызда батыста және солтүстік-батыста, 7-8 тамызда солтүстікте кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр" делінген хабарламда.
Еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта өте қатты ыстық +38,+45°С болады деп болжанып отыр. Ал республиканың қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.