Bugin

"Әскери атақ. Қымбат көлік": қазақ дзюдошысын халық қарай қарсы алды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев / Туризм және спорт министрлігі

 

Париждегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен оның егіз-ағасына мерзімінен бұрын жаңа әскери атақ берілді,-деп хабарлайды bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 
 

“Отан алдындағы ерекше қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жеке жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін Ғұсман Қырғызбаев пен оның егіз інісі, аға жаттықтырушы - дзюдодан Орталық спорт клубы құрамасының жетекшісі Ғұмар Қырғызбаевқа кезекті әскери атақ берілді. Екеуіне Қорғаныс министрі “капитан” шенін мерзімінен бұрын тапсырды”, – делінген хабарламада.

Оған қоса Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа жаңа Toyota Land Cruiser 250 жол талғамайтын көлік сыйға берілді. Қазақстан нарығында құны 31 миллион теңгеден басталатын көліктің қуаты - 326 ат күші.

Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
Фото: Tengrinews.kz / Әлихан Сариев