Bugin
Елімізде биылғы күзден бастап әскерге 40 148 азаматы шақыру қарастырылады. Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды.
Құжатқа сәйкес, Қорғаныс министрлігі Президенттің 1 ақпандағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын орындау үшін әскерге шақырылушылар санын көбейтеді.
"Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40148 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз ету", - делінген хабарламада.