МӘДЕНИЕТ

Алматыда 9-рет BAIQONYR халықаралық кинофестивалі өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: фестивальдің баспасөз қызметінен

3-8 қыркүйек аралығында Алматыда 9-рет BAIQONYR халықаралық кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, биылғы фестиваль қатысушылар арасында жоғары қызығушылық тудырып, қатысуға 670-тен астам өтінім келіп түскен.

Baiqonyr – бұл Орталық Азиядағы дебюттік және қысқаметрлі фильмдер бойынша өтетін бірегей халықаралық фестиваль. Биыл фестиваль ресми демеушілердің бірі - MEGA Alma-Ata сауда орталығындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында өтеді.

Фестиваль үш бағытты қамтиды:

- қысқаметрлі көркем фильмдер Халықаралық байқауы;

- көркем және деректі фильмдер Ұлттық байқауы;

- үшінші бағыт – бұған дейін "ойын жанрындағы дебюттік фильмдер" бағдарламасы ретінде өткізіліп келген бағыт, биыл бөлек байқау ретінде қарастырылады.

Фото: фестивальдің баспасөз қызметінен

Фото: фестивальдің баспасөз қызметінен

Киносарапшы және фестивальдің бағдарлама директоры Ержан Жұмабековтің айтуынша, 20 елден келіп түскен 670 өтінімнің ішінен фестивальде байқау бағдарламасына қатысатын 33 фильм іріктеліп алынған. Байқауға Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Ресей сияқты елдердің өкілдері қатысты.

Ұлттық байқауға Қазақстаннан 150-ден астам өтінім түсіп, оның ішінде 17 фильм байқау бағдарламасына өткен.

"Қатысушылар арасында студенттер де, белгілі жас режиссерлер де бар. Фильмдер түрлі жанрды қамтығаны қуантады. Әлеуметтік драмалармен қатар, хоррор, мюзикл, триллер жанрында түсірген фильмдер де бар. Байқауға қатысқан фильмдерде көбіне өзін-өзі тану және отбасы құндылықтары тақырыптары қамтылған", – дейді Ержан Жұмабеков.