БІЛІМ

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер түлектеріне қанша грант бөлінгені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналынан

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің түлектеріне 5 мыңнан астам грант бөлінді, деп хабарлайды bugin.kz порталы. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты.

Министрдің айтуынша, су басқан өңірлерден 20 мыңнан астам түлектің жартысынан көбі жалпы конкурс бойынша өткен. Зардап шеккен облыстардан талапкерлер үшін барлығы 5 112 грант бөлінді.

"Бұл аймақтарды қолдау үшін талапкерлерге дайындалу және конкурсқа құжаттарын тапсыру үшін мерзімі кеңейтілді, және конкурсқа ең жақсы ҰБТ нәтижесі бар сертификатын ұсыну мүмкіндігі берілді", – деп баяндады министр.