Bugin

Шымкенттің 53 жастағы тұрғыны жүкті келіншегі мен үш айлық сәбиін ұрып тастаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотоколллаж: bugin.kz

Шымкенттік тұрғын жүкті әйелі мен үш айлық сәбиін ұрып, ауруханаға түсірді. Бұл туралы bugin.kz порталы "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, Шымкенттің 53 жастағы тұрғыны әйелі мен үш айлық сәбиін сабап, ауруханаға түсірді. Жас келіншек есін жиып, бөлімшеге ауыстырылса, нәрестесі жансақтау бөлімінде жатыр.

Күйеуі әйелінің көзінің астын жыртып жіберген. Көзі көгеріп, миы шайқалған 23 жастағы келіншек Шымкенттің №1 ауруханаға таныстарымен бірге келген. Бастапқыда кімнен таяқ жегенін жасырып, кейін жанындағы таныстары шақалақ қыздың да көгерген жерін көрсеткен соң, дереу полицияға хабар берген. Қамауға алынған азаматтың өз жақындарына жұдырық сілтеуіне не түрткі болғаны анықталып жатыр. Ал миы шайқалған анасы мен қызы әзірге екі ауруханада жатыр. 12 апталық жүктілігі бар әйел өз-өзіне келген соң, клиникалық балалар ауруханасында жатқан тұңғышының жанына ауыстырылады дейді дәрігерлер.

"Әйелде басының жабық жарақаты, миы шайқалған. 12 апталық жүктілігі бар. Балада да осындай жағдай, яғни ол қазір балалар клиникалық ауруханасында жатыр. Онда да қойылған диагноз бас жарақаты, сонымен қатар денесі көгерген", - дейді Шымкент денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев.