Экономика

Жетісайда тәулігіне 2000 дана аяқ киім өндіретін цех ашылды

Түркістан облысы Жетісай ауданында аяқкиім шығаратын цех ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жалпы инвестициялық құны – 300 мың АҚШ долларыболатын цехта тәулігіне 6 түрлі, 2 000 дана аяқ киім шығарылады.

Өндіріс бастағанына 3 ай болған «Ұлықбек» жеке кәсіпкерлігінің иесі Ұлықбек Әбдіраманов цехты ашу ісінде мемлекеттік қолдау тапқан. 

«Кәсіпорынды ашқанға дейін шамамен 10 жылдай аяқ киім сатумен айналысып келдім. Сол кезде өзіме жеке цех ашып алсам деген ой келді. Кейіннен соның сәті түсіп жаңадан іс бастап отырмыз. Жылдың мезгіліне байланысты аяқ киімнің бірнеше түрін өндіреміз. Өнімдерімізге деген сұраныс жоғары. Жергілікті әкімдік пен кәсіпкерлік бөліміне ризашылығымды білдіргім келеді. Осы жобаның жүзеге асуына қолдау көрсетіп, ауданнан қажетті жер бөліп берді», – дейді мекеме басшысы.

Қазіргі таңда цехта 20 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Қажетті шикізаттар Қытай, Өзбекстан елдерінен тасымалданады. Дайын өнімдер еліміздің барлық өңірлеріне жөнелтілуде. Кәсіпкердің ендігі жоспары – мемлекет тарапынан көрсетілетін көмекті пайдаланып, кәсіптің өрісін кеңейту болып табылады.