Bugin
Фото: thephuketnews.com/Eakkapop Thongtub
Таиландтың Пхукет қаласына демалуға барған 57 жастағы қазақстандық демалысының бірінші күні суға батып, қайтыс болды,-деп хабарлайды bugin.kz порталы Tengri Travel-ге сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға 31 шілдеде Карон жағажайында болған. Полиция турист қонақүйге орналасқаннан кейін теңізге қарай кеткенін айтады. Тәртіп сақшыларына сағат 14.50-де жедел жәрдемнен хабар түскен.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан адамның қазақстандық турист екенін растады.