Bugin
Фото: Olympic.kz
Париж олимпиадасында грек-рим күресінен 77 келіде Демеу Жадыраев олумбиялық Джейр Куеро Муньосты жеңіп, ширек финалға өтті. Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды.
Қазақ балуаны бірінші белдесуінде қарсыласын 9:0 есебімен жеңіп, басым түсті. Енді отандасымыз Демеу Жадыраев ширек финалда қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовпен белдеседі. Қарсыласы Ақжол Махмұдов – екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, Токиодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.