Bugin

Алдағы үш күнде ауа райының қандай болатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: istockphoto

"Қазгидромет" РМК 8-10 тамыз аралығында елде ауа райы қандай болатыны туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

8-10 тамыз аралығында еліміздің көп бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай, қатты жел, бұршақ жауады, ең қарқынды жаңбыр 8-9 тамызда батыста, 8-10 тамызда солтүстік - батыста, солтүстікте, 9-10 тамызда орталықта, 10 тамызда шығыста күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтілуде.

Еліміздің оңтүстігінде күндізгі уақытта +38+45°С өте қатты ыстық, ал республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы +15+22°С дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.