Bugin

Қазақстандық балуан қарсыласын ойсырата жеңді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Olympic.kz 

Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақтағы іріктеу айналымы басталды, деп хабарлайды bugin.kz порталы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ел намысын қорғап жатқан Нұрсұлтан Тұрсынов қарсыласы мысырлық Мохаммед Метваллиді 10:1 есебімен жеңіп, ширек финалға өтті. 

Енді ширек финалда отандасымыз Олимпиада чемпионы Жан Беленюк немесе қытайлық спортшының жеңімпазымен белдеседі.