ҚОҒАМ
Фото: sputnik.kz
Петропавлдық көпбалалы отбасы Павел мен Татьяна Култышевтардың отбасында 19-шы сәби дүниеге келді, деп хабарлайды bugin.kz порталы Qazaqstan Media сайтына сілтеме жасап.
Ерлі-зайыптылардың 10 ұлы мен 9 қызы бар. 43 жастағы Татьяна Култышева алтыншы тамызда 19-шы сәбиін босанды. Жаңа туған сәби – қыз. Ана мен баланың жағдайы тұрақты. Отағасы босану барысында келіншегіне қолдау көрсетіп, қасында болған. Сәбидің салмағы – 4250 грамм, бойы – 56 сантиметр.
Айта кетейік, Павел мен Татьяна ең көпбалалы отбасы саналады. Татьяна Култышева 2022 жылдың шілде айында 18-ші баласын туған. Ал тұңғышын 20 жасында босанған.