Bugin
Фото: rail-news.kz
Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 20%-ға қымбаттайды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
"Елімізде 140 жолаушы тасымалы бағыты бар. Оның 62-сінде траиф көтеріледі. Бұл өзгерістер көлік паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін қажет. Ескере кететін нәрсе соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасы көтерілген жоқ", – делінген ведомство хабарламасында.
Министрлік билет құнының өсуі тікелей қызмет көрсету сапасымен байланысты екенін айтып өтті.
"Пойыздарда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сонымен қатар теміржолшылардың жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Қазір біздің елде осы бағыттарда 2667 вагон жүреді, тозу деңгейі өте жоғары – 44%", — деп түсіндірді көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.
Пойыз құнының жаңа тарифі 1 қазаннан бастап күшіне енеді.