ҚОҒАМ

Қызылордада мектеп оқушылары 16 жастағы қызды қорлап, есірткі берген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Global Look Press/Jonas Walzberg

Қызылордада мектеп оқушылары 16 жастағы қызды қорқытып, қорлаған. Бұл туралы "НеМолчи" қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі айтты, деп хабарлайды bugin.kz порталы. 

"Қызды азаптап, мефедрон алуға мәжбүрлеген. Тұншықтырып, мазақ еткен. Пакетті ерітіп денесіне басқан. Жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің сайтына тіркеген. Жезөкшелікке мәжбүрлеп, ақшасын алып отырған", - делінген ақпаратта.

Мектеп оқушылары "айтып қойсаң, әке-шешеңді өлтіртеміз" деп қызды қорқытқан. Сондықтан ол ешкімге болған жағдайларды жағдайды айта алмаған.

"Осы фактіге қатысты күдіктілер ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жалғасуда", - деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазТАГ редакциясының сауалына жауап бере отырып.

Қаздың ата-анасы бұл туралы мектептің білгенін, сондықтан ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан деп есептейді.