Bugin

Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікке салған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Pratidin Time

Қызылордада 16 жастағы оқушыны сыныптастары жезөкшелікке салып жіберген. Бұл туралы Bugin.kz порталы “Не молчи” қорына сілтеме жасап хабарлайды.

Дина Таңсәрінің айтуынша, қыз — ата-анасының жалғыз баласы. Ол ақпан айынан бастап үйінен жиі жоғала бастаған. Ата-анасы полицияға жүгіген, бірақ олар оны іздемеген. Керісінше, үнемі ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқандықтан, ата-анасы өздері іздеген.

“Ол арасында байланысқа шығып, кафеде даяшы немесе гүл сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтінін айтып отырған. Ата-анасы айтқан жеріне барған, бірақ жай ғана видео түсіріп, кетіп қалғанын айтқан. Қыз ата-анасы шу шығармас үшін осылай жасауға мәжбүр еткенін хабарлайды.

Сонымен қатар бұл жөнінде мұғалімдері, мектеп басшылығы да хабардар болған. Тіпті, қызға әке-шешесінің ата-ана құқығынан айырылатынын айтып, үнемі психологиялық қысым жасап отырған”, - дейді белсенді.

Сыныптастары қызға ата-анаңды өлтіреміз деп қорқытқан. Шарасыз бойжеткенге есірткі беріп, зорлап келген. Ата-анасының айтуынша, бұл сұмдық оқиға туралы полиция қызметкерлері де, мектеп ұжымы да білген.

Таңсәрінің мәліметінше, шындық кеше ашылған. Өйткені қыздан көп сомадағы ақша сұрап, әкелмесе, шашы мен қасын алып тастаймыз деп қорқытқан. Бойжеткен қаржыны досынан сұрайды, алайда досы мұны ата-анасына жеткізген.

“Бұған дейін сыныптастары қызға қинап мефедрон беріп, қылқындырып мазақ еткен. Оны жезөкшелер сайтына тіркеп, ақша алып отырған”,- дейді Дина Таңсәрі.

Қызылорда облысы полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр.