ҚОҒАМ

"Балдақ ұстаған ер адамға шабуыл жасаған": Алматыда жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видеодан алынған скрин

Алматыдағы бейнебақылау камераларына балдақ ұстаған ер адамның соққыға жығылған сәті түсіп қалған, - деп хабарлайды bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бейнежазбада балдақ ұстаған ер адамның топтан қашып бара жатқанын көруге болады. Бір кезде ол балдақпен өзіне қарсы келгендерді ұра бастайды. Бірақ оған бірнеше қарсылас бір мезгілде шабуыл жасап, оны құлатып, ұрып-соғуды жалғастырады.

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Күдіктілер анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.


ОҚИҒАНЫҢ ВИДЕОСЫН МЫНА СІЛТЕМЕДЕН КӨРЕ АЛАСЫЗ!