Саясат

Президент сайлауы: Емтихан қандай әдеби шығармалардан өтеді?

Кандидаттар қандай шығармалар бойынша емтихан тапсырады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орталық сайлау комиссиясының отырысында президенттікке үміткерлер қандай кітаптар бойынша емтихан тапсыратынын айтты. Бұл туралы Sputniknews.kz хабарлайды. 

Олардың ішінде жазушы Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы, сондай-ақ Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Ілияс Есенберлин, Сайын Мұратбеков пен Бауыржан Момышұлының шығармалары бар.

Қазақстан Конституциясының 41-бабының 2-тармағына сәйкес президент мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі шарт. Осы талапқа сәйкес сайлауға түсетін кандидат қазақ тілінде сауатты жазып, ойын еркін жеткізуі тиіс.

Кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияға емтихан тапсырғанда, президиенттікке үміткер берілген тақырып бойынша 2 беттік шығарма жазып, 3 беттік мәтінді оқып береді. Сонымен қатар кандидат комиссия алдында берілген тақырып бойынша 15 минут бойы мемлекеттік тілде сөйлейді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61