МӘДЕНИЕТ

Елдос Сметовтің алтын медалінің құны қанша екені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Olympic.kz

Париж Олимпиадасында Елдос Сметов жеңіп алған алтын медальдің құны қанша екені анықталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы offside.kz сайтына сілтеме жасап.

1. Салмағы мен құрамы: медальдың салмағы 529 грамм, бірақ 95,4% күмістен тұрады. Онда тек 6 грамм таза алтын бар.

2. Алтынның бағасы: егер медаль толығымен алтыннан жасалған болса, оның құны шамамен 41 мың долларды құрайтын еді. Соңғы рет мұндай медаль 1912 жылы Стокгольмде өткен Олимпиадада табысталды.

3. Нақты құны: қазіргі алтын медальдің құны шамамен 950 долларды немесе 450 мың теңгені құрайды.