Bugin

Жантүршігерлік жол апаты: Қызылордада 8 адам мінген көлік апатқа ұшырады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: 24.kz

Қызылорда облысында сегіз адам мінген автокөлік аударылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Opennews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Арал ауданы аумағындағы "Самара-Шымкент" тас жолының бойында болған. Автокөлік Қазалыдан Арал қаласына қарай бағыт алған.

"Жол бойында 63 жастағы жүргізушінің автокөлігі аударылған. Оның ішінде болған сегіз адамның біреуі қайтыс болған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.