Bugin

“Бұршақ, жаңбыр”: алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: el.kz

Қазгидромет алдағы үш күнде ауа райы қандай болатыны туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Синоптиктер мәліметінше, еліміздің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, қатты жел соғып, жаңбыр мен бұршақ жауады.

"Қатты жаңбыр 13 тамызда солтүстік-батыста, солтүстікте, 14-16 тамызда батыста, солтүсті-батыста, солтүстікте күтіледі. Қазақстан бойынша жел күшейеді деп күтіліп отыр" делінген хабарландыруда.

Еліміздің оңтүстігі мен шығысында күндізгі уақытта +35+38°С қатты ыстық күтіледі, Қазақстанның қалған аумағында термометрлердің бағандары +18+26°С-тан +22+33°С-қа дейін ауытқиды.