ҚОҒАМ

Алматыда жол жөндеуге байланысты қоғамдық көлік қозғалысы өзгерді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігі қаладағы кей қоғамдық көлік бағыттары өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды bugin.kz порталы Taspanews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Түбегейлі өзгерістердің себебі Рысқұлов даңғылы мен Кудерин көшелерінің қиылысындағы жөндеу жұмыстары болды. Екі автобус бағыты өзгеріске ұшырады:

№208 - оңтүстік бағытта: Северное кольцо ш. - Кудерин көшесі-Райымбек даңғылы-Немирович Данченко көшесі - Рысқұлов даңғылы - бұдан әрі кесте бойынша;
 

№208 - кері бағытта: өзгеріссіз;

№ 77 - оңтүстік бағытта: Жансүгіров көшесі-Сейфулин даңғылы - Райымбек даңғылы - Тұрғыт Озал көшесіндегі кері бұрылыс - Розыбакиев көшесі - бұдан әрі кесте бойынша;

№ 77 - кері бағытта: Розыбакиев көшесі - Райымбек даңғылы - Наурызбай батыр көшесінің алдындағы кері бұрылыс - Сейфулин даңғылы - Рысқұлов даңғылы - Жансүгіров көшесі - бұдан әрі кесте бойынша.

Еске салсақ, 11 тамыз сағат 23:00-ден 13 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлова-Кудерин  даңғылының оңтүстік жағынан көпірден бастап  Рысқұлов-Бөкейхановқа дейін қозғалыс тоқтатылды.

Жол жүру даңғылдың солтүстік жағымен қамтамасыз етіледі, онда кері қозғалыс ұйымдастырылады. Батыс және шығыс бағыттардағы жолақтардың санын патрульдік полиция қызметкерлері айқындайтын болады.