Bugin
Фото: pixabay.com
Солтүстік Қазақстан облысында туған күнінде қарт әйел өлі табылды, - деп хабарлайды bugin.kz порталы Massaget.kz -ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Тайынша ауданы Тайынша қаласында болған. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Тайынша ауданында 82 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен полицейлер 59 жастағы ер адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп түсіндірді Tengrinews.kz тілшісіне облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Марқұм әйел ұзақ жылдар бойы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп, кейін зейнеткерлікке шыққан. Мектеп мұғаліммен байланысын үзбей, күнделікті мәселелеріне көмектесіп, дәрі-дәрмегін сатып алып беріп отырған. Әйелді жерлеу рәсімін бұрынғы әріптестері ұйымдастырған. Оның "кісі өлтірді" деген күдікке ілінген жалғыз ұлы болды.
Ауылдастарының айтуынша, кейуананы үнемі ұрып-соққан екен. Марқұм ұлының қолынан қаза тапқан күні 82 жасқа толып жатқан. Адам шошырлық жайт 9 тамыз Тайынша ауданында тіркелген. Бұған дейін ол полицияға хабарласқан, бірақ кейін ұлын аяғандықтан арыздарын қайтарып алған. Мұның бәрі ескерту берумен және ер адамды бірнеше күнге қамауға алумен аяқталған.
Күдікті 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.