Bugin
Фото:
Алматы облысының прокуратурасы төрт балалы үйге бас-көктеп кіріп, кішкентайларға қорлық көрсеткен ер адамға қатысты тергеуді аяқтады. Бұл туралы Bugin.kz порталы "КТК" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Телеарна мәліметінше, ер адам балалардың бірінің бетін, екіншісінің ернін тіліп азаптап, жыныстық қатынасқа да түскен. 47 жастағы күдіктіге үш бап бойынша айып тағылған.
"Азамат И-ге қатысты ҚР ҚК 120-бабы 1-бөлігі "Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынасқа түсу", 120-баптың 4-бөлігі "Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданамын немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы не жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, бірнеше рет жасалған жыныстық қатынас" деген баптармен іс қозғалды. Сондай-ақ ол 126-баптың 2-бөлігінің 5, 7-тармақтары мен 149-баптың 2-бөлігі бойынша тергелді. Зерттеу қорытындысы бойынша істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу мәселесі шешіледі",- деді Алматы облысының прокуратурасы.
Бұл оқиға осыдан жарты жыл бұрын Жамбыл ауданындағы Балғабек Қыдырбекұлы ауылында болған. Үлкендердің қарауынсыз отырған төрт балалы үйге ер адам екі кештің ортасында баса-көктеп кіріп, бүлдіршіндерге озбырлық көрсеткен. Ұрып-соғып, аяқ- қолын байлап, буындырады. Кенже ұлының көзін көгертіп, ортаншысының бетін тілген. Тағы бірінің ернін кеседі. Бұл кезде олардың анасы көрші ауылда болып, көршілері бірінші болып дабыл қаққан. 47 жастағы күдікті көп ұзамай қолға түсіп, балалар бірден ауруханаға жеткізіледі. Қазір балақайлардың қайда, әрі кіммен тұрып жатқаны белгісіз. Анасы жауап беруге құлықсыз. Оқиға болған күні ауыл әкімі күдікті азамат әйелдің танысы болуы мүмкін деген болжам айтқан екен.