ҚОҒАМ
Фото: obk.kz
Еpetition.kz сайтында "Хақ-Назар" қоғамдық қорының онлайн несиеге тыйым салу жөніндегі петициясы жарияланды, - деп хабарлайды bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Петиция авторларының айтуынша, онлайн несиелерді қолжетімді ету халықтың осал топтары арасында қарыздың артуына және қаржылық тұрақсыздыққа әкеледі.
Жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен түсініксіз шарттар адамдарды қарызға батырады. Одан бөдек алаяқтық, ұрлық және бопсалау сияқты қылмыстардың көбеюіне әсер етеді.