Bugin
Фото: Haberturk
Түркияның Ескішехир қаласындағы мешітте пышақпен қаруланған жігіт адамдарға шабуыл жасаған, - деп хабарлайды bugin.kz порталы haberturk.com сайтына сілтеме жасап.
Теракт салдарынан 5 адам зардап шекті. Екеуі ауыр жарақат алған.
Ұлтшыл топтың белгісі бар жігіт шабуыл жасаған сәтте әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шыққан. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жас жігіт мұндайға "компьютерлік ойындардың әсерінен" барған.
ОҚИҒАНЫҢ ВИДЕОСЫН МЫНА СІЛТЕМЕДЕН КӨРЕ АЛАСЫЗ!