Bugin
Фотоколлаж Bugin.kz
Қайрат Сатыбалды мемлекетке құны 732,8 млрд теңге активтерін қайтарды. Бұл туралы bugin.kz порталы хабарлайды.
2022 жылдан бастап қазірге дейін Қайрат Сатыбалдыұлы және онымен байланысты тұлғалардан мемлекетке заңсыз сатып алынған 732,8 млрд теңге немесе 1,6 млрд АҚШ долларынан астам көлемде мүліктік активтер мен қаражат қайтарылды. Оның ішінде 661,5 млн АҚШ доллары шетелде табылды. Олар қысқа мерзімде Қазақстанға қайтарылды. Оның ішінде Қайрат Сатыбалдыұлымен белсенді ынтымақтастық нәтижесінде Австрия, Лихтенштейн, БАӘ, Түркия және тағы басқа елдерден қайтарылды, – делінген Антикор хабарламасында.
Қайтарылған активтердің жалпы сомасы – 732,8 млрд теңге, Оның ішінде:
Мүліктің бір бөлігі оның жақын туыстарына, аффилиирленген тұлғаларына және бақылаудағы компанияларға рәсімделген.