Bugin

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Кеше Қызылорда облысы Шиелі ауданында екі көлік соғысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алған.

"Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - дейді Қызылорда облысы Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Рахымжан Сұлтанқұлов.

Полицейлер жолда ережені қатаң сақтау керегін ескертеді.