ҚОҒАМ
Фото: DELICITY.ru
Қазақстанда бірқатар азық-түлік арзандады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сауда және интеграция министрлігінің сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының Ұлттық статистика бюросындағы былтырғы және биылғы тамыз айындағы бағаларына талдау жүргізді. ӘМАТ тауарларына енетін өнімдердің басым бөлігінің бағасы былтырға қарағанда арзандаған.
Күнбағыс майы: Елде жыл басынан күнбағыс майының бағасы 15%-қа арзандаған. Былтыр тамызда күнбағыс майының 1 литрі 781 теңге болған болса, биыл бұл баға 626 теңгеге дейін арзандаған.
Пияз: Пияз бағасы былтыр 177 теңге болса, биыл дүкен сөрелеріне 129 теңгеден сатылып жатыр.
Қырыққабат: Қырыққабат осыдан 1 жыл бұрын 159 теңгеден сатылса, қазір республика бойынша орташа бағасы 124 теңгені құрап тұр.
Қант: Былтыр қанттың 1 келісі 434 теңгеге дейін жетсе, қазір оның бағасы 415 теңгеге арзандаған.
Сәбіз: Сәбіздің келісі бір жыл бұрын 198 теңгеден саудаланса, биыл 188 теңгені құрап отыр.
Қарақұмық жармасы: Қарақұмық жармасының құны тура 1 жыл бұрын 338 теңге болса, қазір республика бойынша орташа баға 222 теңгеге арзандаған.
Бидай ұны: Бірінші сорт бидай ұнының 1 келісі 2023 жылдың тамызында 232 теңге тұрса, биыл 228 теңгеге түскен.
"1 жыл ішінде тұз бен рожки бағасы еш өзгеріссіз қалған.
Анықтама: 2023 жылдың тамыздың алғашқы аптасы мен 2024 жылдың тамыздың бірінші аптасындағы бағалар салыстырылды" делінген ведомство мәліметінде.