БІЛІМ
Фото: Жаңа Жас Түркілер ұйымы
Жаңа Жас Түркілер ұйымы дамып әрі саяхат жасауға мүмкіндік жасайды. Бүгінде (ЖЖТ) ұйымы еліміздің болашағын қалыптастыруға атсалысатын жас буынның ордасына айналды. Бұл ұйым 2022 жылы Bugin Holding компаниясының негізін қалаушы Айбек Қуатбайдың бастамасымен құрылған. ЖЖТ ұйымы жастардың рухани, физикалық және қаржылық тұрғыдан жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс атқарып келеді.
Биыл тамызда ЖЖТ-ның екінші ағымы сәтті аяқталды. Қатысушыларға Әзірбайжан, Грузия, Финляндия, Ресей, Оңтүстік Корея және Моңғолия елдеріне жолдама берілді. Бұл – ЖЖТ ұйымының жас ұрпақты қолдап, оларға кең ауқымды мүмкіндіктер ұсынуға бағытталған миссиясының айқын дәлелі.
Жаңа Жас Түркілер ұйымының мақсаты мен негізгі құндылығы туралы Айбек Қуатбай:
"ЖЖТ – коммерциялық жоба емес. Мұндағы түлектердің ай сайынғы берген төлемдері олардың білім алуға деген шынайы ұмтылысын көрсетеді. Біздің мақсатымыз – елімізде білім мен мәдениетті дамыту, жастарды жан-жақты қолдау. Осы жылы ЖЖТ түлектері көптеген іс-шараларға, маңызды дәрістерге қатысып, 11 кітап оқыды. Біз олардың көшбасшылық қабілеттерін дамытып, командада жұмыс істеуге және мақсатқа жетуге деген сенімділікті арттырдық. Осы арқылы біз ұрпақ санасын жаңартып, отанымыздың болашағына үлес қосып жатырмыз. Біздің ұрпақ бұл нәтижелерді бірден көрмеуі мүмкін, бірақ біз болашаққа сенімді түрде қадам басамыз."
ЖЖТ ұйымының қатысушысы Жанар:
"Бір жыл ішінде біз үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеп, өзіміздің адами капиталымызды толықтай пайдалануға тырыстық. Нақтырақ айтсам, компаниядағы құндылықтар бойынша жұмыстар, стратегиялық ойлау бойынша өткізілген го ойын ойнап үйрену, ай сайын 1 кітап оқу, мәдени жерлерді аралау, өз саласында жетістікке жеткен адамдармен пайдалы дәрістер өттік. Мұның барлығы бізге командалық жұмысты, лидерлік қасиеттер мен өз мақсатымызға жетуге деген сенімділікті берді. Осы үшін Жаңа Жас Түркілер ұйымына алғыс білдіремін."
Биылғы тамыз айынан бастап ЖЖТ-ның үшінші легіне тіркелу басталды. Бұл – өз болашағыңызды қалыптастырудың тамаша мүмкіндігі. ЖЖТ ұйымына қосылып, сіз тек ел болашағын құруға үлес қосып қана қоймай, өз мүмкіндіктеріңізді кеңейте аласыз.
Тіркелу үшін осы сілтемеге өтіңіз.
Өзіңізді жаңашыл ортада сынап, болашағыңызды бірге қалыптастырайық!