Bugin

Қатты жаңбыр, жел: ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Қазгидромет синоптиктері 15-17 тамызға арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алдағы күндері республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады, жаңбыр, найзағай, қатты жел, бұршақ күтілуде. Қатты жаңбыр 15-17 тамызда солтүстік-батыста және солтүстікте, 16 тамызда орталықта, 17 тамызда Қазақстанның шығысында күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді деп күтілуде.

Еліміздің басым бөлігінде температураның төмендеуі болжанады: күндіз республиканың батысында +18+28°С дейін, солтүстік-батыста +15 + 26°С дейін, солтүстікте +18 + 23°С дейін, тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында, күндізгі уақытта +35+38°С қатты ыстық сақталады, 15 тамызда еліміздің оңтүстігінде +41°С қатты ыстық сақталады, орталығында +35°С да қатты ыстық болады деп күтілуде.