ҚОҒАМ

Қостанайда ақбөкеннің етін сатқан адам сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: wikipedia.org

Ер адам ақбөкеннің ұшасын сатып, мемлекетке келтірілген залал 21 млн теңгеден асты, деп хабарлайды buginkz порталы.

Ақбөкендердің популяциясын сақтау мақсатында елімізде оларды тіршілік ету ортасынан, олардың бөліктері мен дериваттарынан (мүйіз, қан және т.б.) алуға (табуға, аулауға, атуға, жинауға, күресуге) тыйым салынады, деп мәлімдеді Қостанай облысының прокуратурасы.

Арқалық қаласының прокуратурасы талдау барысында қала тұрғынының қала аумағында бірнеше рет ақбөкен етін заңсыз сатқанын анықтады. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Оның барысында ақбөкеннің 5 ұшасының еті тәркіленді. Мемлекетке келтірілген залал 21 млн теңгеден асты, – деп мәлімдеді ведомство.