Bugin

Олимпиададан кейін қазақстандық спортшылар коронавирус жұқтырған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Arturo Holmes/Getty Images 

Париж Олимпиадасында жүлде иеленген 3 қазақстандық спортшыдан, 2 бапкерден коронавирус инфекциясы анықталған, - деп хабарлайды bugin.kz порталы.

Бұл туралы Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.

"Коронавирус инфекциясы 3 жүлдегер спортшы мен 2 бапкерден анықталды. Жалпы спортшыларды тексеру барысында олардың ПТР тесті оң нәтиже көрсетіп, COVID-19 вирусы анықталды. Үш спортшының үшеуі де Париж Олимпиадасында жүлдеге қол жеткізген спортшылар. Қазір олар оқшауланып, ем-дом қабылдап жатыр. Жағдайлары жақсы. Вирус жеңіл формада өтуде. Тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз. Құраманың қалған мүшелері дін аман", - деді Диас Ахметшәріп.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының спортшылармен кездесуі кейінге қалдырылғанын айтқан болатын.

"COVID-19 біздің команданың 3 жүлдегері мен 2 жаттықтырушысынан табылды. Олардың ПТР сынағы оң нәтиже берді. Қазіргі уақытта олар оқшауланды.
Ем қабылдап жатыр. Аурудың жеңіл түрі. Оларға тезірек сауығып кетулерін тілейміз. Құраманың басқа мүшелерінен вирус табылған жоқ", - деді Tengri Sport Қазақстан туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.